Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетін құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 914 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетін құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 914 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті құрылсын.

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары құрылсын.

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2021 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 914 қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің құрылатын республикалық мемлекеттiк мекемелерi – аумақтық органдарының

тiзбесi

 

1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сауда департаменті» республикалық мемлекеттiк мекемесі.

2. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Алматы қаласының сауда департаменті» республикалық мемлекеттiк мекемесі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку