Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 697 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 697 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 552 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10854 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 697 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын

жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

қағидалары

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку