«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 559 Қаулысы
«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 559 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 18, 92-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламада:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызмет көрсетуді жеткізушілер - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған азаматтық авиация ұйымдары (азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға);»;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа