Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 30 наурыздағы

№ 175 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции