«Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығы (күші жойылды)
Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 145-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жыл 3 шілде
Документ утратил силу
Демо – версия документа