(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЕРІКТІ ЗЕЙНЕ...
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 213 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 213 қаулысымен
Бекітілген
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту
қағидалары
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібін белгілейді.
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
2) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы;
Редакция документа
Демо – версия документа