(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДІҢ ЖӘНЕ САҚТАЛУҒА МІНДЕТТІ...
Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн, сондай-ақ Банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті табыс ету қағидаларын белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына, заңды тұлғалардың реттелген борышына салымдар болып табылатын инвестициялар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары заңды тұлғаларының өз капиталына есепті кезеңде жүзеге асырылған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған өзге салымдар бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа