Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1005 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1005 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 15 қарашадағы

№ 1005 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 20 сәуірдегі

№ 429 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның

құрамы

 

1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі.

6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі.

7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку