(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ, РЕСПУ...
Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 131 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, сондай-ақ жол активтерін басқару болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары және Көлік комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа