Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 45 Қаулысы

«Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 45 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны (бұдан әрі -«Қарағандышахтатарату» РММК) қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

«Қарағандыкөмір» бұрынғы өндірістік бірлестігінің шахталары мен көмір тіліктері қызметінің салдарларын жою;

таратылған шахталардағы газ ахуалын, гидрогеологиясын және су басу деңгейлерін мониторингтеу;

таратылған объектілерді (діңгектерді, шурфтарды, ұңғымаларды) зерттеп-қарау;

серіктестіктің қызмет бейіні бойынша жер жұмыстары серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгiне серіктестіктің мемлекеттiк қатысу үлесіне иелiк ету және оны пайдалану құқығын берудi;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 10 ақпандағы

№ 45 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку