«Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 54 Қаулысы
«Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 54 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
15-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
«Банк, банк клиенттері, банктің өнімдері мен көрсететін қызметтері, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз операциялар, банк клиенттерінің сыртқы экономикалық келісімшарттары және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«32. 8.1 және 9.1-жолдарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына 12-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректер нысанына сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк ұсынатын, есепті кезеңде валютаны репатриациялау мерзімі бұзылған келісімшарттар бойынша бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа