«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 Қаулысы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 15 қазандағы
№ 853 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастау - басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілерінің (мердігерлерінің, бірлесіп орындаушыларының) нақты тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға қол жеткізуін шектеудің не экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін шектеудің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі үкіметінің актісінде белгіленуі;
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Демо – версия документа