Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРIНIҢ КЕЙБIР БҰЙ...

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрiнiң 2015 жылғы 17 қарашадағы № 565 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2015 жылғы 19 мамырда № 91 (27967); жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Стратегиялық жоспар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

Бюдджеттік бағдарлама сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.»;

13-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Бюджеттік кіші бағдарлама стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың нақты бағыттарын ашады және бюджеттік бағдарлама сияқты ол да сол функционалдық топта, функционалдық кіші топта бекітіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку