Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАСЫН Б...

Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығы

(2017.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі 16-бабының 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мынадай нормативтік кұқықтық актілерінің:

1) «Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 23 сәуірінде № 7591 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» (2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347), 2012 жылғы 2 маусымдағы № 290-291 (27365), 2012 жылғы 16 маусымдағы № 324-329 (27403), 2012 жылғы 30 маусымдағы № 360-364 (27438), 2012 жылғы 11 шілдедегі 383-388 (27462)) газетінде жарияланған);

2) «Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 157 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 23 сәуірінде № 7592 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» (2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309)) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспаларда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку