«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 Қаулысы
«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 Қаулысы
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам дамуға ресми көмек саласындағы оператор ретінде айқындасын, оның негізгі қызмет түрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дамуға ресми көмек көрсетуге жәрдемдесу болып табылады.
3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүліктің акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) Министрлікке қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Үкіметінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
Демо – версия документа