(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2014.24.12 № 242 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 242 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрi - Тізбе) бекітілсін.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Тізбенің 1-тармағының үшінші - алпысыншы абзацтарын, алпыс үшінші - алпыс алтыншы абзацтарын, сексен үшінші абзацын, Тізбенің 3-тармағының үшінші - елу сегізінші абзацтарын, жетпіс төртінші абзацын;
2014 жылғы 24 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын және 2015 жылғы 30 маусымға дейін қолданылатын Тізбенің 1-тармағының жетпіс төртінші - сексен бірінші абзацтарын, Тізбенің 3-тармағының алпыс бесінші - жетпіс екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-қосымшасының реттік нөмірі 81 және 82-жолдары мен Тізбенің 4-қосымшасының реттік нөмірі 53 және 54-жолдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 242 қаулысына
қосымша
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа