Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 4-қосымша) (2019.21.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.24.07. № 324 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 13 тамыздағы

№ 528 бұйрығына 4-қосымша

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.21.01. № 25 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.21.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген) бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) сертификаты болып табылады.

 

 

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттің) басталуына негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар тізбесі) ұсынуы болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции