(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ (ҚАЗТЕСТ)» МЕМЛЕК...
Осы редакция 2019 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 528 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттің) басталуына негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қызметті алушының қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар тізбесі) ұсынуы болып табылады.
5. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің мазмұны:
Редакция документа
Демо – версия документа