«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 бұйрығы (күші жойылды)
«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірдегі № 61 (27937) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа