Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 Қаулысы (күші жойылды)

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 589 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 - 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), Кешенді жоспардың орындалуына жауапты ұйымдар (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) (келісу бойынша) Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Агенттік есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 наурыздан және 15 қыркүйектен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Кешенді жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку