«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 Қаулысы
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 144 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті ic-шараларды жүзеге асырсын;
2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 144 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Демо – версия документа