«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 158 бұйрығы
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 158 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 29-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілік тізбесі, ұсыну мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері мен пассивтері жөніндегі есеп» нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің түсімі және оларды пайдалану туралы есеп» нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарының түрлері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп» нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтері қозғалысының болжамы» нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомалары және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны туралы мәліметтер» нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы мәліметтер» нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері туралы мәліметтер» нысаны;
Демо – версия документа