(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖЕЛІСІНІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН МЕМЛ...
Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының санын білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне жеткізуді;
2) экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 110-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 1065 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 443-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1256 қаулысымен
Бекітілген
Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген
мемлекеттік нормативі
Редакция документа
Демо – версия документа