«Кейбiр республикалық мемлекеттiк мекемелерді қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Кейбiр республикалық мемлекеттiк мекемелерді қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 561 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кейбір республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 561 қаулысына
қосымша
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі - «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Демо – версия документа