(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК Қ...
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Склярдың «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 955 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа