(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 874-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Донорлық қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);».
3. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 603-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 16-қосымшада:
Редакция документа
Демо – версия документа