(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ 2012.16.04 ...
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығы
(2013.11.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Қаппаров |
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013.11.12. № 379-ө бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2012 жылғы 16 сәуірдегі
№ 110-ө бұйрығына
қосымша
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау
әдістемесі
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа