«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 417 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 417 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің атауы өзгертілсін.
3. Республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі үшін республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 417 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Алматы облысының әдiлет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Жетісу облысының әдiлет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Абай облысының әдiлет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Демо – версия документа