«Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығы
«Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 404-бабы 7-тармағына, 415-бабының 5-тармағына, 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқаманы тіркеу журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысаны бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаны.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа