«Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компанияларының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 681 Қаулысы
Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. жеке компанияларының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 681 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамының «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компаниясы акциялары пакетінің 100 (бір жүз) процентін және «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. (бұдан әрі - жеке компаниялар) жеке компаниясы акциялары пакетінің 100 (бір жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) жеке компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы
№ 681 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Демо – версия документа