«Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығы (күші жойылды)
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11556 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа