«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығы (2021.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы
(2021.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 202 Жарлығымен күші жойылды
Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын;
2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;
3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы сәуірдің 30-і.
№ 6
Документ утратил силу
Демо – версия документа