(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫН ДАЯ...
Қазақстан Республикасының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 184 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын кәсіптік деңгейде даярлау, қайта даярлау және ұстау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтар мен әскери міндеттілерді әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша бастапқы оқыту болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа