(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ЖАРҒЫСЫН БЕКІТУ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 25-і.
№ 240
Президентінің
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 240 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Консулдық жарғысы
Осы Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1. Осы Жарғыда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі (бұдан әрі - консулдық мекеме) - белгілі бір консулдық округтің шегінде Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі;
2) консулдық мекеменің сыныбы - Қазақстан Республикасы болу мемлекетімен келісу бойынша оның болу мемлекетіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызына және орналасқан жеріне байланысты айқындайтын консулдық мекеменің мәртебесі;
Редакция документа
Демо – версия документа