«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 736 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 736 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) мыналар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.»;
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа