«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 535 Қаулысы (күші жойылды)
«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 535 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 587 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) арнаулы мемлекеттік органдар үшін әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту үшін әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді ұсынады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қағидалардың 10-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі - веб-портал) орналастырмай жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қысқаша ақпарат) веб-порталда орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа