Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЙЛАУ ҚҰЖАТТАРЫН САҚТАУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»...

Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 17 шілдедгі № 11/236 Қаулысы

(2021.22.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8524 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2.07.2013 ж. № 161 (28100) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Тұрғанқұлов

 

Хатшы

Б. Мелдешов

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2021.22.06. № 4/408 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2014 жылғы 17 шілдедегі

№ 11/236 қаулысымен

бекітілген

 

 

Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары

 

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсырылуға тиіс:

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары және оларға қосымшалар;

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку