«Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 Қаулысы (2020.02.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 Қаулысы
(2020.02.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегi № 512 Қаулысымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.САҒЫНТАЕВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 13 қазандағы
№ 589 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (бұдан әрі - МЭАҚ) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа