«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрiнiң 2015 жылғы 17 қарашадағы № 565 бұйрығы (2025.13.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрiнiң 2015 жылғы 17 қарашадағы № 565 бұйрығы
(2025.13.05. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Қаржы министрінің 2025.18.04. № 179 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қаңтарда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 133, 155, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 169, 211, 212, 221, 322, 323, 331, 332, 339, 341, 359, 411, 412, 417, 418, 419, 421, 422, 423, 429, 431, 432, 433, 434, 435, 436, 441, 451, 511, 512, 513, 514, 519, 521, 531, 541, 611, 612, 621, 711, 712, 713, 714, 715, 721 және 722 ерекшелiктерi бойынша жоспарланатын шығыс түрлері бойынша есептер еркiн нысанда жасалады.
421, 435 және 423 ерекшелiктер бойынша міндетті тәртіпте есептеулердi ұсыну кезiнде мемлекеттік мекемелер жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыстардың (қызметтердiң) құнын негiздейтiн құжаттарға мемлекеттiк сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын ұсынады, ал қорларды сатып алуға арналған есептеулерге ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің теңгерімінде тұрған қорлардың іс жүзіндегі қалдықтарының болуы туралы ақпаратты және ағымдағы жылдың жоспарын ұсынады.
Демо – версия документа