Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАС...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

 

Осы редакция 2017 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Мынадай:

1) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы» 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 420-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 502 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 604-құжат) жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық, Музейді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізілімінен алып тастаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 4-і.

 

                      № 369

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 4 қарашадағы

№ 369 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

 кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку