(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.14.03 № 106 БҰЙРЫҒЫ
Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
3. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 106 бұйрығымен
бекітілген
Сот-сараптама қызметін лицензиялау
жөніндегі комиссия қызметі туралы
ереже
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес әзірленген және Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) қызметінің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (әрі қарай - Министрлік) жанынан құрылады.
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссияның құрамы мүшелерінің тақ санынан тұрады (бес адамнан кем емес).
Редакция документа
Демо – версия документа