(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.29.11 № 174 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің
кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 Қаулысы
(2014.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілетін Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 11-қосымшасының «Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болуы мүмкін жоғалтуларды жабуға кететін резерв (провизиялар) мөлшері» кестесіне түсініктемелердің (бұдан әрі - Түсініктемелер) алтыншы, сегізінші, тоғызыншы бөліктерін қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түсініктемелердің бесінші және жетінші бөліктерінің қолданылуы 2011 жылғы 1 наурызға дейін таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа