(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 850 ҚАУЛЫСЫ
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына және 230-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 350 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерінің лауазымдары:
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде:
жоғары оқу орны (ЖОО);
ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ);
орталық (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру, зейнетақы төлеу жөніндегі);
біліктілікті арттыру институты;
институт;
ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиника;
мәдениет және мұрағат ісі, спорт;
ЖОО оқу-есептеу орталығы;
зертхана; жасақ; қызмет;
су жолдары қазыналық кәсіпорны;
мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын;
Редакция документа
Демо – версия документа