-
Cоғыс жағдайы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 наурыздағы № 391-II Заңы
(2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5-баптар)
2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету (6-8-баптар)
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі (11-бап)
6-тарау. Қорытынды ережелер (15-17-баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазакстан Республикасынын аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардын (бұдан әрі азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрі ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді.
Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледі.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агрессия- шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтык қол сұғылмау-шылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.
Соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай іс-кимылдардың кез келгені:
шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, қарулы күшті қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлігін аннексиялаудың кез келгені;
Қазақстан Республикасынын аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттің кез келген қаруды Қазақстан Республикасына қарсы қолдануы;
шет мемлекеттің қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы;
Редакция документа
Демо – версия документа