(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 23 ҚАҢТАРДАҒЫ № 79 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасын 2002 жылы есiрткi құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінiң 4-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) заңды тұлғалардың есiрткi құралдарын тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi;
2) заңды тұлғалардың психотроптық заттарды тұтынуының 2002 жылға арналған нормативтерi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi 2002 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудiң нормативiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды өндiрушi кәсiпорындар мен әкелудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, № 47-48, 556-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа