(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 Ж. 18 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 126-II ЗАҢЫ
Сақтандыру қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
(2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 236-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау | |
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа