(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.20.12 № 1633 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес(бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Редакция документа
Демо – версия документа