(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 5 НАУРЫЗДАҒЫ № 222 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № 222 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қарамағына;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің қарамағына берілсін.
2. Мыналар қайта аталсын:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа