Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.25.05 № 675 ҚАУЛЫСЫ

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 25 мамырдағы

№ 675 қаулысымен бекітілген

 

 

Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі - жоба);

2) индустрияландыру картасы - белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіретін индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы (бұдан әрі - карта);

3) республикалық индустрияландыру картасы - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку