Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 Қаулысы (2023.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 Қаулысы

(2023.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 366-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 435 492-қүжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 1017 қаулысымен бекітілген



Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
құрылатын ұйымдар мен объектілердің
тізбесі

 

ҚР Үкіметінің 2022.29.12. № 1089 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілер:

1) мұнай өндіру жөніндегі объектілер:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции